16 тамыз 2022 12:47

Талғат Ешенқұлов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Талғат Ешенқұлов ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Талғат Ешенқұлов ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында туған. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінде магистратурада, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторантурада оқыған. Еңбек жолын 1997 жылы аға бухгалтер қызметінен бастаған.

2000-2007 жылдары Жамбыл облыстық сотында, Жамбыл облысының Әділет басқармасында және Әділет департаментінде жұмыс істеген.

2007-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

2011-2016 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеген.

2016-2018 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 

2018 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

2018-2020 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы, ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2020 жылдан 2021 жылға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2021 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы – ректоры болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети