14 тамыз 2023 17:14

Тоқаев Қазақстанның Париждегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілін тағайындады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/pressmfakz Фото: t.me/pressmfakz

Асқар Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Асқар Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети