12 қазан 2022 11:48

Вадим Басин Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Вадим Басин тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Вадим Басин тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Асылбек Дүйсебаевтың оқудан өтуіне байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Басин Вадим Борисович тағайындалды", - делінген хабарламада.

Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру" мамандығы бойынша, ал 1990 жылы Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын "Өнеркәсіптік электроника" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтың инженер-электригі, аглоцех бастығының электр жабдықтары жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

2003 жылы "Испат-Кармет" АҚ бас энергетигі болып тағайындалды.

2011 жылдан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарған.

2013 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды.

2017 жылдан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры қызметінде жұмыс істеген.

2021 жылдың 26 шілдесінен бастап Қарағанды облысы әкімінің энергетика, ТКШ, индустриялық-инновациялық саясат және инвестициялар, ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети