Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Әблязовқа тиесілі жер Ресейде сатылымға қойылды

12 Наурыз 2014, 15:08
0
Санкт-Петербургтегі 140 гектар аумақты қамтитын Әблязовқа тиесілі жер сатылымға қойылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Фонтанка" интернет порталына сілтеме жасап. Бұған АМТ банкі рұқсат алған екен.

Негізінен, Санкт-Петербургтегі ең ірі логистикалық орталықты салуы керек "Логопарк Колпино" ЖАҚ аталған банкке 4,9 миллиард рубль қарыз болып қалған. Ақпарат порталы келтірген дерек бойынша, бұл компанияның негізін қалаушы - қазақ олиграхы Мұхтар Әблязов. Заң өкілдерінен қашып жүрген ол биыл Францияда құрықталған болатын. Қазір оны өз еліне экстрадициялаудан үш мемлекет үміттеніп отыр: Қазақстан, Ресей, Украина. Ақпарат порталының хабарлауынша, Әблязовқа тиесілі жер үшін Санкт-Петербургте талас басталып та кетіпті.

Аукционға қойылған Аблязов жер телімінің бастапқы құны - 323 миллион рубль. Қойма аумағын жалға алушылар арасында "Метрика" және "Петрович" деген компаниялар бар.

Осылайша, 6 наурызда Арбитраждық сот БТА-банктің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтың меншігіндегі "Еуразия Логистик" компаниясы құрамына енетін "Логопарк Колпион" ЖАҚ-қа қатысты қадағалау процедурасын енгізді. Санкт-Петербургте бұл компания құрамына Московский және Колпинский көшелері қиылысындағы шамамен аумағы 140 гектарды қамтитын, үш корпустан тұратын әлі де соңына дейін салынып бітпеген, ешқандай коммуникация желісіне қосылмаған логистикалық кешен енеді.

Басылымның мәліметінше, "Логопарк Колпион" компаниясын қазақстандық БТА банктің ресейлік еншілес компаниясы - АМТ банкі банкрот еткісі келеді. Ресми мәлімет бойынша, аталған қаржылық институттың 22,3 пайызы Қазақстан үкіметіне тиесілі. Ал 19,7 пайызы Мұхтар Әблязовтың меншігі боп табылады. Әблязовтың жер телімі басты логистикалық операторлардың қызығушылығын туғызуы мүмкін дейді портал.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай