Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Әр бала үшін зейнеткерлік жасын бір жылға қысқартуды ұсынды

17 Маусым 2014, 10:13
1
Дмитрий Савельев. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған
Дмитрий Савельев. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Мемлекеттік Думаның қаржылық нарық бойынша комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Савельев ресейліктердің кәрілік бойынша зейнеткерлік жасын әр бала үшін бір жылға қысқартуды ұсынды. Заңға осындай өзгеріс енгізу туралы ұсынысын депутат үкіметке жолдаған" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Известия" газетіне сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңға сәйкес ресейлік ер азаматтар 60, әйелдер 55 жастан зейнеткерлікке шығады. Ұсынылып отырған өзгерістер бойынша, бала асырап алғандар да зейнеткерлікке ерте шыға алады. Ал ата-аналық құқығынан айырылғандарға ондай жеңілдік қарастырылмайды. Егер ұсыныс қабылданар болса, аталмыш жеңілдік қазіргі уақытта балалары бар азаматтар үшін қарастырылады.

Депутаттың сөзіне қарағанда, бір баланы тәрбиелеп өсіру ата-ана үшін күш-жігерді, қосымша қаржыны талап етеді. "Бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, оларды өсіріп-бағу үшін өз жұмыстарымен қоса қосымша жұмыс істеуге мәжбір. Сондықтан олар қандайда бір марапатқа лайық. Ұсынылып отырған заң балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетудің бір жолын қарастырады. Ондай қолдау ең алдымен көп балалы отбасыларға көрсетілуі тиіс. Федералді заң жобасының мақсаты-Ресейдің демографиялық ахуалын оңалту" деп түсіндірді Дмитрий Савельев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай