Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Эдвард Сноуден Ресейдегі уақытша тұрақ мерзімінің ұзартылуынан үмітті

01 Мамыр 2014, 14:50
0
Эдвард Сноуден Мәскеуде кездесуде
Эдвард Сноуден Мәскеуде кездесуде

АҚШ-тың арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресей билігі өзіне берген уақытша тұрақ мерзімін ұзартатынан үмітті, - деп хабарлайды  РИА Новости.  Рұқсат етілген мерзім 2014 жылдың жазында тәмамдалатынын еске сала кетелік. Эдвард Сноуденнің адвокаты Джесселин Рэдэк (Jesselyn Radack) мәлімдегендей, америкалыққа шілде айынан кейін де Ресейде қалуға рұқсат беретін "жағымды болашақ" бар. 

Дегенмен, заңгер Эдвард Сноуден отанын сағынып, үйіне оралғысы келетінін де айтады. "Біз таяу болашақта не болатынын болжай алмаймыз" - деп мәлімдейді адвокат. Ал АҚШ-қа қайтуға жол жоқ екенін ол америкалық әділет министрлігінің Эдвардқа мемлекеттік құпияны жария етті деп айып тағуымен түсіндіреді.

Алдында Эдвард Сноуден АҚШ билігімен келіссөз жүргізу үшін адвокат Плато Качеристі жалдаған болатын. Арнайы барлаудың бұрынғы қызметкері америкалық құқыққорғау органдарымен келісімшарт жасауды жоспарлайды. Эдвард Сноуден Качеристі 2013 жылдың маусымында жалдап қойған екен, алайда құжат жүзінде ол расталмаған. Америкалықтың қатысы бар бұл дау-дамай 2013 жылдың маусымында бұрқ еткен. Ол америкалық арнайы қызметтің Интернет пен ұялы телефон арқылы әлемнің барша азаматына тыңшылық жасай алатын бағдарламасы бары туралы мәлімет таратқан. АҚШ-тың арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Ресейге 2013 жылдың 1 тамызында бас сауғалап келіп, уақытша тұрақтауға рұқсат алған. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай