23 қазан 2014 16:46

Елімізден кеткен Софроний әкей Қазақстан жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Софроний әкей. ©perm.aif.ru Софроний әкей. ©perm.aif.ru

Алматы түбінде жетімхана ашып, кейін 2013 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан кетіп қалған Софроний әкей Ресейде "Қайырымдылық шіркеуін" жандандыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Аргументы и Факты". Оған балалар мен қарттар үйін салуға Пермь өлкесіндегі Пыскор селосынан жер бөлінген.


Алматы түбінде жетімхана ашып, кейін 2013 жылдың желтоқсанында Қазақстаннан кетіп қалған Софроний әкей Ресейде "Қайырымдылық шіркеуін" жандандыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Аргументы и Факты". Оған балалар мен қарттар үйін салуға Пермь өлкесіндегі Пыскор селосынан жер бөлінген.

Әлемге Петр Евтихеев есімімен белгілі Софроний әкей - Березниково қалалық округі мен Усоль ауданының игі шендісі (діни лауазым - Авт). Дін қызметшісі жергілікті храмда қызмет етіп, жетімдер үйін салуға қаражат жинайды. Ол өз сұхбатында Қазақстандағы өмірі туралы айтты. Священник бұл елде адамдардың дін өкілдеріне құрметпен қарайтынын айтты.

"Білесіздер ме, Қазақстанда дінбасыларға мемлекет пен қоғам тарапынан мұндағыға қарағанда, мың есе жақсы көзқараспен қарайды. Мені сол жақтағы заңдарды бұзды деп айыптаған кезде, сот басталған уақытта мені мұсылмандар қолдады. Сотта мені мұсылмандар қоғамы төрағасының өзі қорғады", - деді ол.

"Мен Қазақстанда 20 жылдай тұрдым, бір ғана нәрсені түсіндім: онда адамдар ертеңгі күнмен өмір сүреді, ал Ресейде - кешегі күнмен. Қазақстанда күні-түні тыным таппайтын азиялықтар жұмыс істейді. Ал бізде жалдамалы жұмысшылар өздеріне берілген ауысымын өтейді - артық-кемі жоқ", - деді Софроний.

Дін өкілі Қазақстанда жетімдер үйін ашудың айтарлықтай оңай болғанын айтты. "Онда адамдар өмір сүруге ұмтылады, ал мұндағылар ұйқыдан ояна алмай жүр. Ақша үшін соғысатынын көріп таңданасың. Қазір біз құрылысты бастадық. Мен құрылысшы дегеннің бүгінде мамандық емес, ұлт екенін түсіндім. Қазақстанда мердігерге "бұл балалар үйі, бағаны көтерме десең, ұяты оянады, 700 рубль емес, 500 деген сомаға келіседі. Бірақ бұл тек қана Қазақстанда. Ал мұнда кез келген сауда ақылға қонымсыз. Әр адам ақша тауып, отбасын асырауы керек, болды. Оны басқа ешнәрсе қызықтырмайды", - деді дін қызметшісі.

Софроний әкей келешекте үлкен шаруашылық ашатынын айтты. Ал жетімханасы үшін бұрын түзету мекемесі болған орынды таңдапты. Кезінде 500 балаға арналған ғимараттың асханасы, қазандығы, гараж кешені мен үлкен ауласы болған. Ал қазір бұл жерді ағаш басып кеткен, екі қабатты мектептің шатыры құлап қалған. 

Айта кетейік, Қазақстандағы жетімдер үйін Софроний 20 жылдан астам уақыт басқарған еді. Дін қызметшісі соттағы дауласулардың салдарынан және жұмыстан толық шеттетілуіне байланысты елден өз еркімен кетуге мәжбүр болды. Ол асыраған балалар мемлекеттің қамқорлығына алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети