Халықаралық форумның ашылу күнінде Санкт-Петербургке дрондар шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық форумның ашылу күнінде Санкт-Петербургке дрондар шабуыл жасады Бейнеден алынған кадр

Ресей президенті Владимир Путин қатысады деп күтіліп отырған экономикалық форумның ашылу күні Санкт-Петербургке дрондар шабуыл жасады. Бұл туралы бірқатар БАҚ хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.


Ресей президенті Владимир Путин қатысады деп күтіліп отырған экономикалық форумның ашылу күні Санкт-Петербургке дрондар шабуыл жасады. Бұл туралы бірқатар БАҚ хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Не болды?

Петербург губернаторы Александр Бегловтың мәліметінше, 3 маусымға қараған түні украиналық дрондар Киров және Красносельский аудандарындағы, сондай-ақ Кронштадттағы инфрақұрылым нысандарына шабуылдаған.

"Бірнеше нысан зақымдалды. Қазіргі уақытта зардаптарды жою жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше адам жарақат алды. Қаза тапқандар жоқ. Жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Күштер мен құралдар жоғары дайындық режиміне келтірілді", - деп хабарлады ол өзінің Telegram-арнасында.

Анықтама: Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) Санкт-Петербургте 2026 жылғы 3-6 маусым аралығында "Экспофорум" конгресс-көрме орталығында өтеді.

Бұған дейін 4–5 маусымда Владимир Путиннің Санкт-Петербургке іс-сапармен барып, Петербург халықаралық экономикалық форумы аясындағы іс-шараларға қатысатыны хабарланған болатын. Биыл форум "Прагматикалық диалог – тұрақты болашаққа бастайтын жол" ұранымен өтеді.

Шабуыл қарсаңындағы Украинаға жасалған жаппай соққы

БАҚ-тың хабарлауынша, Санкт-Петербургке жасалған соққылар Ресей армиясы 2 маусымға қараған түні Украина аумағына соғыс басталғалы бері ең ірі әуе шабуылдарының бірін жасағаннан кейін болған.

Украина Әуе күштерінің мәліметі бойынша, украиндық радарлар әуеден шабуылдаудың рекордтық 729 құралын тіркеді: 73 зымыран және әртүрлі типтегі 656 ұшқышсыз ұшу аппараты. Шабуыл барысында Ресей әскерлері мыналарды қолданған:

  • 8 дана 3М22 "Циркон" кемеге қарсы зымыраны;
  • 33 дана "Искандер-М" баллистикалық зымыраны;
  • 27 дана Х-101 қанатты зымыраны және 5 "Калибр" зымыраны;
  • Shahed, "Гербера", "Италмас" ұшқышсыз аппараттары, "Бандероль" барраждаушы оқ-дәрілері.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 642 нысанның (40 зымыран және 602 дрон) көзі жойылғаны туралы есеп берген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 38 нысанда 30 баллистикалық зымыран, үш қанатты зымыран және 33 соққы беруші дронның тигені анықталды. Бұдан бөлек, 15 жерде атып түсірілген дрондар мен олардың сынықтарының құлауы тіркелген.

DW дерегінше, Ресейдің 2 маусымдағы соққысы салдарынан Украинада кем дегенде 22 адам қаза тауып, жүзден астам азамат жарақат алған. Олардың мәліметінше, негізгі соққылар Киев пен Днепр қалаларына бағытталған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 492.75   573.14   6.79 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +30
Ақтау +21
Ақтөбе +18
Атырау +21
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +29
П
Павлодар +27
Петропавл +32
С
Семей +32
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +20
О
Орал +30
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер