16 сәуір 2014 09:51

Жириновский украиналық күш құрылымдары басшысымен қатаң сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Парубийдің  Владимир Жириновскиймен сөйлесуі. ©РИА Новости Андрей Парубийдің Владимир Жириновскиймен сөйлесуі. ©РИА Новости

ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғанысы басшысы Андрей Парубийге телефон соғып, Краматорскіден украин әскерлерін алып кетуді талап етті. Бұл жағдайға куә болған украиналық журналистің айтуынша, бұл әңгіме 15 сәурде болған", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғанысы басшысы Андрей Парубийге телефон соғып, Краматорскіден украин әскерлерін алып кетуді талап етті. Бұл жағдайға куә болған украиналық журналистің айтуынша, бұл әңгіме 15 сәурде болған", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

YouTube сайтына салынған бейнежазбаға қарағанда, Жириновский Парубийге өз басының қамын ойлауға кеңес берген. Ал, өз кезегінде Украинаның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғанысы басшысы Жириновскийге Ресей әскерлерін украин шекарасынан алып кетуді және әйелдер мен балалардың артына тығылуды доғаруға кеңес берген.

Бұл әңгіме туралы Life News парталына Владимир Вольфович "Мен оған "шұғыл түрде барлық әскерді алып кет, әйтпесе бар биліктен айырылып, өзің сотқа тартыласың" дедім. Ол маған: "Алдымен өз әскерлеріңді алып кетіңдер. Ол жерде Ресейдің арнайы жасағы бар" деді. Сонда, ол қайда? Онда Краматорскінің қарусыз тұрғындары ғана. Иә, олардың арасында қаруланғандары да бар. Оған қоса, әрбір милиция бөлімшесінде қару бар емес пе? Оны басып алса, онда халық қарулануы мүмкін. Мен Андрей Парубиймен қатаң сөйлестім. Мен оны Гаага трибуналымен қорқытпаймын, алайда Ростовтың гарнизондық трибуналы оны әскери-далалық сотқа беруі мүмкін.

Жириновский "Украина аумағында ешқандай ресейлік әскерлер жоқ, кірейін деп те отырған жоқ" деп мәлімдеді. "Украина аумағында әскери-қимылдар жасау туралы ешқандай шешім жоқ. Әскер кіргізілмейді. Бар мәселе жерглікті жерде шешіледі. Жараланғандар саны қанша көп болса, Украина сонша көп аумағынан айырылады" - дейді ол. ЛДПР жетекшісі бұл сөздерді Турчинов пен Яценюкке міндетті түрде жеткізуді сұраған.

15 сәуір күні Жириновский Думаның отырысына Ресей қарулы күштерінің полковнигі формасымен келген. ЛДПР жетекшісінің сөзіне қарағанда, бұл - оның Украина билік өкілдерінің камуфляж киіп шығып, елдің шығысында әскери іс-қимылдар бастағанын хабарлағанына қайтарған жауабы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети