1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ресей

Жириновский "ы" әрпінен бас тартуды ұсынды

Владимир Жириновский.  ©РИА Новости Владимир Жириновский. ©РИА Новости
Ресейлік саясаткер, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский орыс әліппесінен "ы" әрпін алып тастауды ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. "Осы бір жиіркенішті әріпті алып тастау керек, бұл - азияшылдық, сол үшін бізді Еуропада жақсы көрмейді... Бұл әріп бізге моңғолдардан келді, еуропалық тілдердің бірде-бірінде "ы" әрпі жоқ. Көмей дыбысы, аңдар ғана солай айтады: "ы-ы", - деді Жириновский. Саясаткер "ы" әрпінің орнына әліппедегі "и"-дің жеткілікті екенін айтты. Оның пікірінше, балалар "ы"-ны дыбыстауға қиналады. "Менің кішкентай ұлым болды, ол "Папа, папа, ана жерде "мишка" бар" дейтін. "Қандай "мишка" деп ойладым. Аю ма деп. Сөйтсем, "мышь" екен", - дейді ЛДПР жетекшісі. Жириновский соңғы кездері елең еткізетін мәлімдемелерімен көзге түсіп жүр. Оның Орталық Азия елдеріне қатысты атышулы пікірі еліміз бен Қырғызстанның Ресей Федерациясына наразылық нотасын жолдауына себеп болған еді.