Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Путин бұрынғы әйелін күйеуге бергісі келеді

17 Сәуір 2014, 19:28
0
Владимир Путин мен Людмила Путина. ©REUTERS
Владимир Путин мен Людмила Путина. ©REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин көрерменнің "тікелей желіде" қойған "еліміз бірінші ханыммен қашан танысады?" деген сұрағына "алдымен бұрынғы әйелімді күйеуге беру керек" деп жауап берген. Бұл туралы Тengrinews.kz сайтының тілшісі хабарлады. 

"Сіздер білесіздер ме? Мен алдымен бұрынғы әйелім Людмила Александрқызын күйеуге беруім керек, сонан кейін ғана өз мәселемді ойлана бастаймын", - деді Путин.

Сондай-ақ, "тікелей желі" арқылы федералдық тергеу бюросының жедел агенті Эдвард Сноуден "Ресейдің арнайы қызметі АҚШ секілді өз азаматтарының ізін аңдиды ма?" деген сұрақ қойды. Президент бұл сұраққа: "Біздің елде мұндай үрдіске заңмен қатаң шектеу қойылған. Біз азаматтарымыздың ізіне жаппай және бақылаусыз масштабта аңдуға жол бермейміз" деп жауап берді.  

Ресей президентіне ең шынайы сұрақты 4 жасар қыз жолдады. Ол "Егер сіз суға батып бара жатсаңыз Обама көмектесер ме еді?" - деп сұрады. Путин саяси қатынастардан бөлек адами қарым-қатынас болатынын айтты. Оның ойынша, Обама - парасатты адам. 

Естеріңізге саламыз, В.Путин жыл сайын шығатын арнайы бағдарлама арқылы 12 мәрте азаматтардың сұрақтарына жауап берген. "Тікелей желі" 4 сағатқа созылды. Бағдарламаның бас тақырыбы Қырымның Ресейге қосылуы жайлы болды. Сонымен қатар, ресейліктер өз президенттеріне геосаясат, жеке өмірі, әлеуметтік проблемалар және басқа да тақырыптар аясында сұрақ қоюға мүмкіндік алды. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай