13 наурыз 2014 15:30

Путиннің рейтингі үш жылда ең жоғары межеге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. ©Даниал Оқасов Владимир Путин. ©Даниал Оқасов

Ресей Президенті Владимир Путиннің рейтингі үш жыл ішінде ең жоғарғы көрсеткішке (71,6%) жетті деп хабарлайды "РИА Новости" Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығына сілтеме жасап. Орталықтың мәліметінше, Путиннің рейтингі Сочи Олимпиадасы мен Украинадағы оқиғалардың фонында жоғарылаған. "Соңғы бірнеше жылда ресейліктер президент жұмысын тұтас алғанда қолдады - 60% деңгейде. Мұның алдында бұл өлшемнің жоғарғы көрсеткіші 2012 жылдың мамыр айында, оның мемлекет басшысы ретіндегі ұлықтау рәсімі өткеннен кейін тіркелді - 68,8%", - дейді әлеуметтанушылар. Бұған қоса, орталық мамандары Путиннің рейтингі бірнеше аптадан бері жоғарылап келе жатқанын және Ресей азаматтарының оны қолдау деңгейінің ақпан айының ортасынан бері 9,7%-ға өскенін айтып отыр. Бұған дейін Путин рейтингінің артып келе жатқанын Қоғамдық пікір қоры (ФОМ) өкілдері хабарлаған болатын. Олар жүргізген "Таяудағы жексенбіде президент сайлауы болса, кімге дауыс берер едіңіз?" деген сауалнамада респонденттердің 53%-ы Путинге дауыс берген. Саясаттанушы Александр Коньковтың айтуынша, Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы мен Қоғамдық пікір қорының мәліметтері соңғы күндер мен апталарда Ресей Президентінің танымалдығы арта түскенін және рейтингі президент сайлауы өткеннен бергі екі жыл ішінде жоғарғы шегіне жеткенін көрсетеді. Коньков 2012 жылғы сайлауда Путиннің электораттың 63,6% дауысына ие болғанын еске салады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети