08 желтоқсан 2014 12:56

Ресей Қазақстанның 60 тоннаға жуық алмасы мен алмұртын кіргізбей тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©freshmarket.ru ©freshmarket.ru

Ресейдің ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі үш күн ішінде Қазақстанмен арадағы шекарада 60 тоннаға жуық алма мен алмұртты тәркіледі, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоға сілтеме жасап. 


Ресейдің ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі үш күн ішінде Қазақстанмен арадағы шекарада 60 тоннаға жуық алма мен алмұртты тәркіледі, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоға сілтеме жасап. 

"Омбы облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығы қадағалау басқармасы мен Ресей қауіпсіздік федералдық қызметінің Омбы облысы бойынша шекара басқармасының бірлескен іс-шарасы барысында 7 желтоқсан күні "Есілкөл" халықаралық автокөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясы аумағына Қазақстан Республикасынан 40 тоннаға жуық карантиндік өнім партиясын әкелудің екі әрекетінің жолы кесілді", - деп хабарлады федералдық қызмет мамандары. 

Жалпы салмағы 20 тонна болатын жеміс-жидек партиясын тексеру барысында фитосанитариялық қаупі жоғары карантиндік өнімнің (алма, алмұрт, лимон, анар, жүзім) фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны анықталды. Таңбалау белгілерінің жыртылғанына байланысты жеміс-жидектердің қайдан шыққанын анықтау мүмкін болмады. Кәсіпкерлер алманың тағы 20 тонна партиясын да фитосанитариялық құжатсыз алып өтуге тырысқан. Мамандардың тексеруі барысында бұл жемістердің Польшадан шыққаны анықталды. Заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бұған қоса, өткен жұма күні Ресейге Молдовадан 20 тоннаға жуық алманың жеткізілуіне де тыйым салынды. Кәсіпкерлерде тиісті сертификат болмай шықты. Ведомство басқармасының өкілдері осы жылдың тамыз айынан бері фитосанитариялық сертификатыз өнім әкелудің 24 дерегі тіркелгенін айтты. Оның ішінде, Еуроодақ елдерінен импорттауға шектеу енгізу шаралары бойынша тыйым салынған өнімдер бар. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети