Ресейде депутаттардың өз әлеуметтік желісі болады

10 Шілде 2014, 12:28
0
Ресейде депутаттардың өз әлеуметтік желісі болады - ©РИА Новости
©РИА Новости

Ресейде депутаттарға арналған әлеуметтік желі пайда болады, - деп жазады "Известия" басылымы.

Депутаттарға арналған кәсіби әлеуметтік желіні іске қосу - Ресейдегі электронды парламент құру шеңберіндегі бастама. Порталдың Интернеттегі мекенжайы - portal.parlament.gov.ru. Мұнда халық қалаулыларымен бірге олар желіге шақырған заңгерлер, саясаттанушылар мен экономистер де аккаунт аша алады. Ал қарапайым қолданушылар олардың жазбаларын сырттай бақылай алады, олардың пікір қалдыру мүмкіндігі қарастырылмаған.

Ресейде бүгінде түрлі деңгейдегі 245 мың депутат бар. "Күн тәртібінің күрделілігі кәсіпқой адамдарды біріктіруді талап етеді, жаңа кәсіби әлеуметтік желі - күрделі мәселелердің шешімін жедел табуға мүмкіндік беретін құрал", - деп есептейді электронды парламент жасау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Игорь Лебедев.

Оның айтуынша, жаңа желі депутаттардың кез келген бастамасы бойынша тікелей пікірталас ұйымдастырып қана қоймай, оған Ресейдің түрлі аймағынан депутаттарды тартуға мүмкіндік береді. Қызметінен кеткен депутаттың желідегі аккаунты жабылатын болады, бірақ оның бұрынғы пікірлері мен жазбалары өшірілмейді. Сайтта қауіпсіздік өте жоғары деңгейде сақталады.

Алайда кейбір сарапшылар Ресейдің әлеуметтік желіні кәсіби және қарапайым деп ажыратуға дайын емес екенін айтады. Медиасарапшы Антон Коробков-Землянский аудиториясы айтарлықтай көп болмаса депутаттарға арналған әлеуметтік желі табысқа жетпейді деп есептейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай