12 қаңтар 2015 12:49

15 елдің оқушылары Назарбаев Университетінің грантына таласып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласында өтіп жатқан ХІ халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына Назарбаев Университетінің білім гранты беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта-мектеп интернатының баспасөз қызметі таратты. 11 қаңтарда басталған математика, физика және информатика пәндері олимпиадасы 17 қаңтар күні қорытындыланады. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия елдерінен 60 команда қатысады, барлығы - 400 сайыскер. Халықаралық қазылар алқасы құрамында Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Украина және Өзбекстан ғалымдары бар, алқа төрағасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов. Пәндік олимпиаданың демеушісі - Microsoft Kazakhstan жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Еске сала кетейік, былтыр ақпан айында еліміздің бес облысында қыз балаларға арналған "Ыбырай Алтынсарин – 2014" республикалық пәндік олимпиада өткен болатын. Олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне түсуге жол ашылды. Олимпиаданың әр пәнінен алғашқы үш орынды иеленгендер мен ҰБТ-ға қажетті өту балын алғандар университет ректорының шәкіртақысыз грантына ие болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети