11 мамыр 2016 10:59

15 жастағы оқушы шоқжұлдыздар арқылы майя тайпасының қаласын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Іndependent.co.uk © Іndependent.co.uk

15 жастағы канадалық оқушы Уильям Гадури (William Gadoury) ғылыми жаңалық ашты. Ол осыған дейін белгісіз болып келген үндістердің майя тайпасының орналасқан жерін тапты. Оған бұл жаңалықты ашуға спутниктен түсірілген заманауи суреттер мен қазіргі Мексика аумағында өмір сүрген жұмбақ өркениет жасап кеткен жұлдызды аспанның картасы көмектесті. Бұл туралы The Journal of Montreal басылымы хабарлады.


15 жастағы канадалық оқушы Уильям Гадури (William Gadoury) ғылыми жаңалық ашты. Ол осыған дейін белгісіз болып келген үндістердің майя тайпасының орналасқан жерін тапты. Оған бұл жаңалықты ашуға спутниктен түсірілген заманауи суреттер мен қазіргі Мексика аумағында өмір сүрген жұмбақ өркениет жасап кеткен жұлдызды аспанның картасы көмектесті. Бұл туралы The Journal of Montreal басылымы хабарлады.


Уильям Гадури. © journaldemontreal.com

Жасөспірім майя тайпасының 22 жұлдызды атласын зерттеген. Ол осыдан кейін үндістер қалаларды шоқжұлдыздарға сәйкессалды деген тұжырымға келді.

"Мен шоқжұлдыздардың орналасуы майя тайпасының 117 елді мекенімен сәйкестігін байқадым", - деді оқушы.


© journaldemontreal.com

Дегенмен бұл сәйкестікте Уильям үйлеспеушілікті байқап қалады. Оның айтуынша, үш жұлдыздан құралған шоқжұлдыздың біріне үндістердің екі ғана қонысы сәйкес келген. Сонда оқушы ғалымдардың осы уақытқа дейін үшінші елді мекенді таппағанын болжайды. Канаданың ғарыштық агенттігіне хабарласқан Уильям олардан спутниктің толық және нақты суретін көрсетуді сұраған. Уильям серіктердің суретіне мұқият қарай отырып, суреттерден геометриялық құрылымдарды анықтайды.


Майя тайпасының жоғалған қалаларының спутниктен түсірілген суреттері. © CSA

Жоғалып кеткен қала Мексика мен Гватемала шекарасындағы Юкатан нулы тоғайында орналасқан болып шықты. Ғалымдар бұл қалада 30 құрылыс пен үлкен пирамиданың бар екенін анықтады. Уильям табылған қаланы K'aak Chi немесе "Отты ауыз" деп атауды шешті.


Город K'aak Chi

Бұл қаланы жақын арада көруге мүмкіндік жоқ. Себебі мұндай жерлерге экспедиция жасау қомақты қаражатты талап етеді.

Канадалық оқушы зерттеумен 2012 жылы айналыса бастаған. Ежелгі қалалардың орналасқан жерлерін картамен зерттей отырып, Уильямда мынандай сұрақ туындайды: майя тайпасы қалаларды неліктен өзендерден алыс, шет аймақтарда, тауларда салған?


© CSA

"Майя тайпасы жұлдыздарға табынғандықтан маған бір ой келді. Содан мен шоқжұлдыз жұлдыздарының Майя тайпасының ірі қалаларына сәйкес етіп салынғанын түсінгенде қатты таңғалдым", - дейді жасөспірім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети