17 шілде 2017 09:53

23 атом бомбасы түскен аумақтағы тіршілік иелері ғалымдарды таңдандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pihlbaoge.blogspot.com © pihlbaoge.blogspot.com

АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини атоллында 70 жыл бойы атом сынақтарын өткізген. Қазір ол жердің экожүйесі ғалымдарды таңдандырып отыр, - деп хабарлайды "Моя планета".


АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини атоллында 70 жыл бойы атом сынақтарын өткізген. Қазір ол жердің экожүйесі ғалымдарды таңдандырып отыр, - деп хабарлайды "Моя планета".

Ғалымдардың сөзінше, атом жарылысы болған орындарда көліктің үлкендігіндей алып кораллдар өсіп, алабұға, акула (кей акулалардың мутациясы байқалады - бір қанаты жоқ) және тунец сияқты балықтар молынан жүр. 

Стэнфорд университетінің теңіз ғылымдарының профессоры Стив Палумби аралдың флорасы мен фаунасы өте икемді болып шыққанын айтады. Зерттеушінің айтуынша, лагунадағы балықтар жыртқыштар мен бәсекелестері қалмағандықтан жақсы өсіп-өніп жатыр. 

Палумби командасы теңіздегі тіршіліктің радиациялық улану зардабын зерттеуде. Олар негізінен коралл және кокос шаяндарын зерттеп жатыр. Олар ұзағырақ өмір сүретіндіктен көп жылғы радиация олардың ДНҚ-сына қалай әсер еткенін байқауға болады. 

Ғалымдардың бірінші пікірі бойынша, қатты зардап шеккен балықтар баяғыда қырылып қалған. Ал Бикини атоллындағы балықтарға басқа жаққа кетіп, қайта оралып отыратындықтан радиация аз әсер еткен. 

"Біз теңізде жасап көрген ең жойқын күш, мұнда 23 атом бомбасы тасталды. Ал мұхит расында қайта тірілді, бұл расында үміт сыйлайды", - дейді профессор. 

Жарылыс орнында пайда болған шұңқырларда кораллдар жайқалып тұр. Қазір ғалымдар бұл организмдердің жаңа жағдайға қалай бейімделгенін зерттеп жатыр. 

Өсімдік, жануарлар мен теңіз тіршілігінің қайта сауыққаны байқалғанымен, атолл аймағында адамдар әлі де өмір сүре алмайды. БҰҰ баяндамасы бойынша, бұл аймақтағы қоршаған ортаның радиациялық ластануы қайта қалпына келмейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети