"3 мыңға жуық грант". Жергілікті атқарушы органдар грантына құжат қабылдау жүріп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов ©

Жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарына құжат қабылдау мерзімі 10 тамызда басталды. Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жергілікті атқарушы органдардың білім беру гранттарына құжат қабылдау мерзімі 10 тамызда басталды. Өтініштерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктен немесе олардың ресми сайтынан алуға болады.

"Жыл сайын мамандарды мақсатты даярлауға жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бюджетінен білім беру гранттары бөлінеді. Әкімдіктердің гранттары конкурстық негізде тағайындалады. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын талапкерлерге ерекше көңіл бөлінеді.

Еліміз бойынша жергілікті атқарушы органдар 3 мыңға жуық грант бөлді. Негізінен, әкімдіктерге педагогтер, медицина қызметкерлері және ауыл шаруашылық саласының мамандары қажет", - делінген хабарламада.

Биыл елорда әкімдігі бакалавриат деңгейі бойынша мамандарды даярлауға ең көп тапсырыс берген.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі педагогикалық және медициналық мамандықтар үшін 1200-ге жуық грант бөлді. Шығыс Қазақстан облысы Абай облысымен бірлесіп 450 грант, Ақмола облысы 229 грант тағайындады.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын тойлауға орай Қостанай облысының әкімдігі Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде оқуға 15 грант бөлді. Өнер саласының мамандарын даярлауға тек Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі грант бөліп отыр, олар жергілікті бюджет есебінен 15 маман оқытуға дайын", - деді министрлік өкілдері.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері биыл бакалавриатта мамандарды оқытуға тапсырыс жасамаған. Алматы және Павлодар облысының әкімдіктері өңірдің жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды даярлауға қажеттілігін ескере отырып, облыстық бюджет қаражатынан тек магистратура мен резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша гранттар бөледі.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • білімі туралы құжат;
  • ҰБТ сертификаты;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жеңілдік санатын растайтын құжаттар.

"Грантты тағайындау туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer