28 қараша 2014 11:03

400 миллион жыл бұрынғы тастан микрочип табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vkpress.ru ©vkpress.ru

Ерекше тас Красноярск өлкесінен былтыр табылған, бірақ енді ғана жария болып отыр. Оны Лабинск қаласына жақын маңдағы Ходзь өзенінде балық аулап отырған жергілікті тұрғын Виктор Морозов тапқан. Тастың бетінде балқытылған микрочипке ұқсас, ғылымға беймәлім таңба анық көрінеді. Кейбір ғалымдар бұрын Жер бетінде қазіргіден де озық дамыған техногенді өркениет болған деген болжам жасады. Олар атланттар немесе ежелгі адамдар болуы да ықтимал.

ВК Пресс-тің хабарлауынша, ғалымдар табылған тасқа қатысты бір ғана мәліметті анықтады, ол - оның жасы . Тас жарты миллиард жылдан бері бар. Мамандар оны әбден зерттеген. 

Оңтүстік Ресей мемлекеттік техникалық университеті Жаңа материалдар мен нанотехнологиялар ҒЗИ мәліметтеріне қарағанда, микрочипі бар тас ежелгі дәуірде теңізді мекендеген криноидея немесе теңіз лалагүлінің бір бөлшегі болуы мүмкін.

"Көлемі 15х11х4,5 сантиметр, ақшыл қоңыр түсті, жылтыр үлгі теңіз лалагүлдерінің қалдықтарынан және көлемі 1 сантиметр болатын ұсақ бақалшықтардан тұрады. Оның геохронологиялық жасы шамамен - силур-девон дәуірі, яғни 410-450 миллион жыл. Лалагүл сабағы фрагментінің үлгісі сабақтың өзінің білігін бойлай кескендегі түрі іспетті", - делінген ғылыми-зерттеу институтының жауабында.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети