25 мамыр 2021 16:46

АҚШ-та қан тобын жедел анықтайтын құрылғы жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pexels.com pexels.com

Америкалық ғалымдар бірнеше минут ішінде қан тобын анықтай алатын құрылғыны ойлап тапты, - деп хабарлайды Academic Times.


Америкалық ғалымдар бірнеше минут ішінде қан тобын анықтай алатын құрылғыны ойлап тапты, - деп хабарлайды Academic Times.

Рочестер университетінің ғалымдары жол апаты мен жазатайым оқиға салдарынан қан жоғалтқан адамдарға тезірек көмек көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғы жасады.

Ол үшін тек бір тамшы қан қажет, сондықтан саусақты тесу жеткілікті. Қан сынамасы құрылғыға енгізіледі. Оның ішінде антидене ерітінділері микроканалдарда орналасқан: анти-А, анти-B және анти-Rho. Сенсор гемагглютинация реакциясы бойынша әрбір микроканалда A, B немесе Rho антигендердің болуын жеке анықтайды. Кейін ақпаратты барлық дерекпен салыстырып, қан тобының мәнін шығаратын орталық процессорға жібереді.

Сарапшылардың айтуынша, қазір қан тобы моноклоналды антиденелер көмегімен анықталады. Ол үшін бір тамшы қан антидене ерітіндісінің тамшысымен араласады. Күнделікті зерттеулерде мұндай талдау жеткілікті. Бірақ науқас жол апатынан кейін көп мөлшерде қан жоғалтып, ауруханаға жеткізілсе, қан тобын тезе арада анықтау қажет. Әдетте стандартты тест 10-20 минутты алады және теріс әсері болмас үшін міндетті түрде резус анықталады.

Алайда жүйенің бір кемшілігі бар: құрылғы жүйесіндегі реагенттер пайдаланылмаған кезде төмен температурада сақталуы керек. Ғалымдар реагенттердің сақталу уақытын ұзарту үшін тұрақтандырғыштар жасауға үмітті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети