01 ақпан 2015 10:56

Әлемде 800 миллионнан аса адам 11 еркектен тараған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шыңғысхан. ©wikipedia.org Шыңғысхан. ©wikipedia.org

Қазір Жер шарында тұратын адамдардың 800 миллионнан астамының түп-тамыры кезінде небәрі 11 еркектен тараған, олардың арасында әйгілі жаулаушы Шыңғысхан да бар. Ұлыбританияның Лестер университетінің генетик Марк Джоблинг бастаған халықаралық ғалымдар тобы осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды Daily Mail.


Қазір Жер шарында тұратын адамдардың 800 миллионнан астамының түп-тамыры кезінде небәрі 11 еркектен тараған, олардың арасында әйгілі жаулаушы Шыңғысхан да бар. Ұлыбританияның Лестер университетінің генетик Марк Джоблинг бастаған халықаралық ғалымдар тобы осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ғалымдар Азияның қазіргі тұрғындарының Y-хромосомаларынан нуклеотидтердің бірегей түрде жүйеленуін байқап, олардың шығу тегін анықтауға тырысқан. Таяу Шығыстан Оңтүстік-Шығыс Азияға дейінгі құрлықтағы 127 аймақтан 5321 адамның Y-хромосомасын зерттеген топ мейлінше жиі кездесетін гаплотиптерді ажыратты. Нәтижесінде зерттеуге қатысқан адамдардың 37,8 пайызының 11 атадан тарағаны белгілі болды. Бұл пропорцияны Азияның халықтарының жалпы санына шаққан кезде, 11 атадан тараған адамдар санының шамамен 830 миллион адам екеніне көз жетеді.

Генетиктер ағылшын әріптестері Крис Тайлер-Смиттің "Шыңғысхан - адамзат тарихында ең көп ұрпақ өрбіткен әке" деген тұжырымын мақұлдап шықты. Тайлер-Смиттің бағалауы бойынша, Жер шары еркектерінің 0,5 пайызы (16 миллионға жуық адам) - Моңғол империясының негізін қалаушының тікелей ұрпағы. 

Бұған қоса, жаңа зерттеу Маньчжур князі Гиочангидің (1582 жылы қайтыс болған) де көп ұрпақ таратқанын анықтады. Оның немересі Нурцахи (1559-1626) Қытайдың Цин әулеті бойынша тұңғыш императоры болды. Ғалымдардың есебінше, Гиочангидің тікелей ұрпақтарының саны бүгінде - бір жарым миллион адамға жуық. Олардың бәрі, негізінен, Қытай мен Моңғолияда тұрады. 

Тұқымы кең жайылған қалған тоғыз адамның тек өмір сүрген уақыты ғана анықталды. Олар Азия құрлығында біздің заманымызға дейінгі 2100 жылдан біздің заманымыздың 700 жылдарына дейін ғұмыр кешкен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети