10 сәуір 2015 18:45

Алматы студенттері фитнес-жаттығу құрылғыларының көмегімен электр қуатын өндіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Fitonica.com @Fitonica.com

Алматыдағы IT-университетінің студенттері фитнес орталықтарында электр қуатын өндіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоба авторларының бірі Мирас Маратұлының айтуынша, өндірілген электр қуатын сол спортзалдың қажетіне қолдануға да болады.


Алматыдағы IT-университетінің студенттері фитнес орталықтарында электр қуатын өндіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоба авторларының бірі Мирас Маратұлының айтуынша, өндірілген электр қуатын сол спортзалдың қажетіне қолдануға да болады.

Студенттердің жоспары бойынша, жаттығу залдарына механикалық энергияны электр қуатына айналдыратын құрылғылар орнату керек. Бұл жоспарды іске асыруға қарқынды жұмыстың агрегаттары - веложаттығу құрылғылары мен жүгіру жолақтары сай келеді. Сонымен қатар, жобаны іске асыру үшін алынған электр қуатын жинақтайтын аккумуляторлар керек болады. Стартап авторларының есептеуінше, төрт веложаттығу құрылғысында екі сағат спортпен айналысу орташа көлемді спортзалды электр жарығымен қамтуға толық жетеді. Артылған электр қуаттын жақын орналасқан үйлерге тартуға болады.

Айта кетейік, қазақстандық физиктер болашақта күн батареяларын алмастыруы мүмкін токты генерациялаудың жаңа тәсілін ойлап тапқан. Ғалымдар қыздырған кезде электр тогын шығаратын гидрофильді полимерлердің негізінде жасалған нанокомпозитті қолдануды ұсынды. Химия және физика-математика ғылымдарының докторы Ибрагим Сүлейменовтің айтуынша, құрылғының әсер ету принципі жылу энергиясының кез келген түрінен токты генерациялау үшін полимерлер қоспасын геотермальды судан өндірістік және тұрмыстық салқындату жүйесіне дейін пайдалануға мүмкіндік береді. Алынған электр қуатын тұрмыстық мақсатта пайдалануға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети