23 мамыр 2017 22:45

Алматыда қонақүй және ресторатор бизнесін қалай тегін үйренуге болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

2017 жылғы 23 мамырда Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі кәсіптік-техникалық білімді тегін оқытатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


2017 жылғы 23 мамырда Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі кәсіптік-техникалық білімді тегін оқытатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Речь идет о программе "Бесплатное профессионально-техническое образование для всех", в которой участвуют 817 колледжей и учебных предприятий технического и профессионального образования (ТиПО). 

Қазақстандағы барлық 817 колледжінде және Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" жобасы енгізіледі.

"Заманауи қазақстандық қоғамның басты мәселесі - еңбек нарығында кәсіби дайындалған жұмысшылардың аздығы құпия емес, осындай колледждердің арқасында мыңдаған мектеп түлектерінде өзін өмір бойы асырайтын мамандықты алуға мүмкіндіктері бар. Бұл экономиканың дамуымен қатар еліміздің тұлғалық капиталының дамуында үлкен үлес. Сол себепті "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" жобасын жүзеге асыру - бұл заманға сай тренд және өмір қажеттілігі. Жоба мақсаты - жұмысшы кадрларды даярлау сапасын жоғарылату және Қазақстанның кез келген азаматына әр түрлі жастағы маманға қажетті жұмысшы мамандығын алуға, тұрақты табыс тауып өз өмірін жақсартуға мүмкіндік беру", - деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті директоры Насымжан Оспанова.

Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі Қазақстан Республикасының кәсіптік - техникалық білім беру мекемелерінің ішіндегі озық оқу орындарының қатарында. Колледж 50 жыл бойы білім беруде үздіксіз қызмет етуде. Қонақ үй бизнесі, мейрамхана бизнесі, тағам және өндіріс салаларына жоғары білікті маман даярлап келеді.

Колледждің жарты ғасырлық қызметінде 40 мыңнан астам жұмысшы және қызмет көрсету саласына мамандар даярланды. Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің тарихы 1961 жылы негізі қаланған сауда-аспаздық мектебінен бастау алады. Соңғы 4 жыл ішінде 3840 орындық 8 колледж салынды.

Қазақстан Республикасының Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2900 орындық 4 колледждің, 520 орындық 3 жатақхананың құрылысы және қайта құруы қарастырылған. Жалпы алғанда, колледждердің инфрақұрылымы айтарлықтай дамыған. Колледждер 213 мамандық және 703 құзыреттілік бойынша маман даярлауда.

Білім алушылардың жалпы саны республика бойынша 489,1 мың адамды құрайды. Оның ішінде 98,6 мың (20,2 пайыз) адам жұмысшы құзыреттілігін алып шықса, 390,5 мың (79,8 пайыз) адам орта буын мамандықтары бойынша білім алуда.

Кадрлар даярлау мемлекеттік тапсырыс бойынша 244,9 мың (50,1 пайыз) және ақылы негізде 244,3 мың (49,9 пайыз) адамды құрайды.

Жоба қатысушыларын анықтау мақсатында соңғы 3 жылдағы мектеп түлектері бойынша талдау жүргізілді. Соңғы 3 жылда орта есеппен 9-шы сынып түлектерінің саны 220 мыңды құрап отыр. Оның ішінде 135 мың оқушы ЖОО-ға түсу мақсатында мектепте оқуларын жалғастырды.

9 сыныптан кейін колледжге түскен оқушылардың саны 85 мыңға жеткен. 11-ші сыныптан кейін колледжге түскен түлектер саны 33 мыңды құрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети