13 шілде 2016 14:21

Алматыда мемлекеттік жетекші мектептердің 15 директоры жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

№ 56 мектеп. © voxpopuli.kz № 56 мектеп. © voxpopuli.kz

Алматыда жетекші мемлекеттік мектептердің 15 директоры жұмыстан өз еріктерімен босатылды. Алматыда 2015-2016 оқу жылында 15 мектептің директорының орны бос, олар өздерінің өтініші бойынша жұмыстан босатылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.


Алматыда жетекші мемлекеттік мектептердің 15 директоры жұмыстан өз еріктерімен босатылды. Алматыда 2015-2016 оқу жылында 15 мектептің директорының орны бос, олар өздерінің өтініші бойынша жұмыстан босатылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады.

Олардың 12-сі зейнет жасына келуіне байланысты қызметін босатып отыр. Олардың ішінде № 56, 79 және 90 мектептері бар. Бір директор ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланғанына байланысты кеткен, ал тағы екеуі мемлекеттік қызметке ауысқан. Айта кетейік, № 56, 79 және 90 мектептерінің директорларын орнында қалдыруды өтініп, ата-аналар онлайн-петиция жариялаған. "Білім басқармасымен еңбек келісімдері зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін үш жылға созылған, 2015 жылдың 20 тамызында өздерінің өтініші бойынша келісімшарт бұзылған. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап өздерінің қызмет еткен жерлерінде директордың орынбасары ретінде жұмыс жасап жатыр", - деді ведомстводағылар.

Сондай ақ, әкімдіктегілер мектеп директорларының тағайындалу тәртібін айта кетті. Ведомстводағылардың айтуынша, бос орындарға ҚР БҒМ 2012 жылдың 21 ақпанында № 57 бұйрығына сәйкес конкурс негізінде сайланады. 

"Ереженің 9-пунктіне сәйкес, 2016 жылдың 21 мамырында "Алматы ақшамы, "Вечерний Алматы" және білім басқармасының интернет-сайтында мектептердегі директор қызметінің бос орындарына конкурс жарияланады. Директор қызметін атқаруға ниетті адамдар білім басқармасының кадр бөліміне өтініштерін тапсырды, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер. Айта кетейік, жариялымға сәйкес, бос орындар саны 25-ке жеткен. Оның ішінде 23 мектеп: № 2, 4, 7, 10, 20, 24, 32, 33, 45, 48, 56, 59, 79, 83, 90, 95, 103, 108, 147, 151, 159, 182 және 195, сонымен қатар екі мектеп-интернаты: № 6 және 10 бар.

Тағы бір хабарландыруда " № 8 Балаларға арналған музыкалық мектеп" директорының орны бос екендігі айтылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети