22 маусым 2019 10:51

Алматыда Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 13,5 мың түлек үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда 13,5 мың түлек үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жалғасы

Қазақ ұлттық аграрлық университеті ҰБТ тапсыру пункттерінің бірі болды. Мұнда 620 мектеп түлегі емтихан тапсырады. Қала бойынша барлығы тестілеуге 13 485 мектеп түлегі қатысады.

Биыл ҰБТ нәтижелерін Telegram-бот (EDU.GOV.KZ bot) - edu.mail.kz және Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан – www.testcenter.kz арқылы білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін өзінің акт (тестіленушінің жеке коды) енгізу қажет.

ҰБТ үш міндетті пәннен (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және екі профильді пәннен тұрады.

24 және 26 маусым аралығында тестілеу мегаполистің басқа жоғары оқу орындарында өтеді.

Айта кетейік, ҰБТ-ның бірінші күні 3 434 түлек межеден аса алмады. Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші ағымына республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде - 11 361, орыс тілінде - 1 411 адам.

20 маусымда ең жоғары балл 140-тың 137-ін жинады

"Бес пән бойынша орташа балл 74,2 болды. Өту балынан асқан қатысушылар саны - 9 338, өтпеген қатысушылар саны - 3 434. Жалпы 13 068 түлек қатысады деп жоспарланған", - деді Әділет Тойбаев.

Қатысушылардың жалпы санынан "математика - физика" комбинациясын 3  963 түлек (білім беру бағдарламаларының 25 тобы, негізінен білім саласы бойынша "6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"), "химия - биология" комбинациясын - 2683 (білім беру бағдарламаларының 16 тобы, негізінен білім саласы бойынша "6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және 6B10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) таңдап алды.

"Химия-физика" комбинациясын таңдағандар аз болған. 

Айта кетейік, 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды.

ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети