Айдын Айымбетов ғарышта қазақтың сегіз түрлі тағамынан ауыз тиеді

29 Шілде 2015, 14:02
0
Айдын Айымбетов ғарышта қазақтың сегіз түрлі тағамынан ауыз тиеді - © "Хабар"
© "Хабар"

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Арал мен Каспий теңіздерінің жағдайын зерттеумен айналысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы ғарыштық ғылымының дамуына арналған баспасөз мәслихаты кезінде "Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы" АҚ президенті Жұмабек Жантаев айтты.

Жантаевтың айтуынша, Каспий аймағындағы ұңғымадан шыққан көмірсутекті қалдықтар зерттеледі. Айымбетовтың зерттеу жұмысына сонымен қатар ғарыштағы гамма-сәулелердің адам ағзасына әсерінің зерттелуі де кіреді.

Ұлттық салауатты тамақтану орталығы қызықты тәжірибе ұсынды: Айымбетов басқа қатысушылармен бірге ғарышта ұлттық тағамдарды жеп көреді. Олардың ішінде ет тамақ, айран мен ірімшік бар.

Айымбетов "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2 қыркүйекте 10.00-де ұшады. Оның Жерге оралуы 12 қыркүйек таңғы сағат 7.00-ге жоспарланып отыр. Айта кетейік, Айымбетовтың ғарышқа ұшуына Қазақстан 20 миллион доллар төлейді.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай