05 желтоқсан 2019 14:39

Бекітілген нұсқасы жоқ - БҒМ басшысы мектептердегі латын әліпбиі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге латын әліпбиін енгізу туралы пікір білдірді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге латын әліпбиін енгізу туралы пікір білдірді, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Пилоттық жобалар сол үшін де пилоттық болады. Пилоттық жобалардың нәтижесінде қандайда бір шешім шығарылады. Мәдениет және спорт министрлігіне жетілдіруге (қазақ тілінің латын нұсқасын) тапсырма берілді. Жетілдірілген уақытта, дұрыс жазу емлесі бекітілгенде, әліпбиді енгізу бойынша (мектептерге - Түсіндірме) жұмыстар жүргіземіз", - деді министр Сенатта журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Оның айтуынша, осыған дейін латыншаның бекітілген әліпбиді бойынша мектептерде білім беру жүргізілмеген. 

"Президент тапсырмасында де-факто мен де-юре бары, оны жетілдіру керектігі айтылды. Әзірше жетілген әрі бекітілген нұсқа жоқ. 2020 жылдан бастап мектептерге латын әліпбиін енгізіп, білім береді деп айту қиын, өйткені бұл ұзаққа созылатын процесс. Бірінші оны бекіту керек, сосын ережесі шығады, одан кейін пилоттық болады. Содан соң біз қажетті дайындық шараларын жүргіземіз, кейін кітаптар шыға бастайды", - деді Аймағамбетов. 

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында қазақ тілінің латын негізіндегі үш нұсқасы барын айтқан еді. Мемлекет басшысы үш нұсқаны да сәтсіз деп атап, қайта қарап шығуға тапсырма берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети