"Болашақ" стипендиясын алу қиындай түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Болашақ" стипендиясын алу қиындай түседі © Akorda.kz

2016 жылдан бастап "Болашақ" президент шәкіртақысын алу қиындай түседі, - деп хабарлайды strategy2050.kz порталы. Нақтырақ айтсақ, келесі жылдан бастап "Болашақ" стипендиясына үміткерлердің барлық санаты үшін қажетті жұмыс өтілі 2 жылға дейін көбейеді. Бұл жайлы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығметов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.


"2016 жылдан бастап "Болашақ" стипендиясына үміткерлердің барлық санаттары үшін қажетті жұмыс өтілі 2 жылға дейін арттырылады", - деді Нығметов.

Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап "Болашақ" стипендиясы бойынша ағылшын тілін білу туралы өлшемдердің күшейтілетіні хабарланып отыр. Ағылшын тілін білу өлшемі жеңілдігі бар санаттағылар үшін IELTS жүйесі бойынша 5 балға дейін көтерілетін болды. "2014 жылы IELTS жүйесі бойынша ағылшын тілін білу 3 балдан 4 баллға дейін арттырылды. Бұл жеңілдігі бар санаттағыларға, яғни мемлекеттік қызметкерлерге, журналистерге және мәдениет қызметкерлеріне байланысты. 2016 жылдан бастап бұл өлшем 5 балға дейін арттырылып отыр. Осылайша ол жыл өткен сайын артатын болады және уақыты келгенде типтік Университеттердің көрсеткішіне қол жеткізіледі", - деді Ғани Нығметов.

Оның айтуынша, жеңілдігі бар санаттағыларға тіл білімін жақсарту үшін дайындық ұсынылады. "Осы жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда 6 ай, шет мемлекетте 6 ай оқитын болады. 2020 жылға дейін мұндай тілдік дайындық курстары алып тасталады", - деді орталық президенті.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +17
Ақтау +27
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +21
П
Павлодар +24
Петропавл +27
С
Семей +29
Т
Талдықорған +29
Тараз +30
Түркістан +27
О
Орал +28
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер