26 шілде 2021 13:21

Дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцинаның жаңа қасиетін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Вакцина коронавирустан жазылғаннан кейін түрлі синдромның дамуын болдырмауға көмектеседі. Бұл туралы жоғары санатты дәрігер-терапевт Алексей Водовозов айтты, - деп хабарлайды URA.RU.


Вакцина коронавирустан жазылғаннан кейін түрлі синдромның дамуын болдырмауға көмектеседі. Бұл туралы жоғары санатты дәрігер-терапевт Алексей Водовозов айтты, - деп хабарлайды URA.RU.

"Вакцинация коронавирустан кейінгі синдромды толық кесіп тастайтын тәрізді. Бізде клиникалық және бақылау зерттеулері туралы есеп бар. Егер бұл рандом клиникалық зерттеулерде расталса (субъектіні екі немесе одан да көп топқа бөлу, содан кейін нәтижелерді салыстыру), профилактикалық вакцина ғана емес, сонымен қатар жазылғаннан кейінгі оңалту мүмкіндігі де болады", - деді Водовозов.

Дәрігер теорияны дәлелдеу үшін эксперимент жүргізу керегін түсіндірді.

"Біз екі топты алуымыз керек: біреуі - тәжірибе, екіншісі - бақылау. Коронавирустан жазылған тәжірибелік топқа егу жүргіземіз. Сосын не және қалай жұмыс істейтінін көреміз", - деп қорытындылады Водовозов.

Ұқсас пікірді вакцинолог, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Тимаков та ұсынды. Оның айтуынша, COVID-19 науқастарына арналған оңалту орталықтарында "вакцина алған адамдар, негізінен, байқалмайды".

"Коронавирустан жазылғаннан кейін болатын түрлі синдром иммунитет вирусты жеңе алмаған кезде пайда болады және коронавирус ағзаның барлық мүшесінде көбейеді. Сәйкесінше алдын ала қорғаныс функциясы болады. Осылайша аурудан кейінгі синдромнан құтыламыз", - деп қорытындылады ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети