01 қыркүйек 2021 15:51

ДДСҰ COVID-19-дың Колумбиядан табылған жаңа штамын зерттеп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

COVID-19-дың Mu деп аталатын жаңа штамы зерттеліп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


COVID-19-дың Mu деп аталатын жаңа штамы зерттеліп жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, Mu жаңа штамы B.1.621 ғылыми атауымен белгілі және "қызығушылық тудырған нұсқа" ретінде жіктелген. Жаңа штамм алғаш рет 2021 жылы қаңтарда Колумбияда табылған. Бүгінде аймақта жаңадан анықталған жағдайлардың 39 пайызы осы мутациямен байланысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы бұл штамда COVID-19-ға қарсы вакциналарға төзімділік қаупін көрсететін мутациялар бар екенін айтып, нұсқаны қосымша зерттеу қажет екенін айтты.

Айта кетейік, Mu анықталғаннан бері Оңтүстік Америка мен Еуропада табылған.

Бұған дейін ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус күзде жаңа пандемия басталуы мүмкін екенін айтқан болатын. Әлемде коронавирус құрбандарының саны қазірдің өзінде 4,5 миллионға жеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети