04 шілде 2018 10:16

Ежелгі Мысырдың алғашқы пирамидасынан тәңірдің мүсіні табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ministry of Antiquities of Egypt ©Ministry of Antiquities of Egypt

Аты аңызға айналған Имхотеп салдырған Джосер перғауынның ең көне пирамидасынан Осиристің қола мүсіні табылды, - деп хабарлайды Luxor Times.


Аты аңызға айналған Имхотеп салдырған Джосер перғауынның ең көне пирамидасынан Осиристің қола мүсіні табылды, - деп хабарлайды Luxor Times.

"Мүсін археологтар пирамиданың батыс бөлігіндегі үйілген құм мен қоқысты тазалай бастағанда тас кесектерінің ортасынан шықты. Бұл Осиристің - жер асты әлемі мен қайта жандану тәңірі, оның сол қолында қауырсын және оң қолында асатаяқ бейнеленген", - дейді Мысырдың Көне заман бойынша жоғары кеңесінің басшысы Мустафа Вазири.

Пирамидалар Көне Мысырдың белгісіне айналған. Бастапқыда кірпіштен салынған қарапайым зираттардан бастау алып, Хеопстың ғажайып пирамидасына, Раның Гелиопольдегі ғибадатханасы мен Гизаның зират тонаушылардан қорғайтын Сфинксті салуға дейін жетілген сәулет өнері. 

Ежелгі Патшалық жазбалары бойынша, ең алғашқы пирамида Мемфис айналасындағы алғашқы  "патшалар алқабында" Саккара аумағында салынған. Оны салдырған сәулетші, дәрігер, ғалым әрі Джосер перғауынның кеңесшісі Имхотеп екен. Бұл пирамида баспалдақ күйінде салынған, сондықтан өзгелерінен ерекшеленеді. 

Бұл пирамида аумағында алғашқы кең ауқымды қазба жұмыстары 1926 жылы басталған және қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Ғалымдар әр деңгейді асықпай тазалап, қалпына келтіріп жатыр. Осылайша, бұл пирамида Ежелгі Патшалықтың жаңа құпияларын ашыуға мүмкіндік бермек. 


Джосер пирамидасынан табылған Осиристің мүсіні. ©Ministry of Antiquities of Egypt

Археологтардың пайымынша, табылған мүсін Имхотеп пен Джосер заманында емес, кейін жасалған. Оны абыздар Осирис пен ежелгі Мысырдың жұмағы саналған Иарумен байланысты мәңгі ету үшін салған деген болжам жасалып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети