Ғаламдағы ең үлкен қара құрдым табылды

13 Ақпан 2016, 20:53
1
Ғаламдағы ең үлкен қара құрдым табылды -

"Хаббл" телескопы әлемдегі ең үлкен қара құрдымды тапты, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Жаңа нысанның анықталғаны туралы ақпаратты Еуропа ғарыш агенттігі жариялады.

Гравитациялық аномалия Жерден 300 миллион жыл қашықтықта орналасқан. Қара құрдым Күннен 21 миллиард есе ауыр. Ғалымдар бұл нысанның бар екенін болжағанмен, бұған дейін анықтай алмай келген еді. Мамандардың айтуынша, ең ірі қара тесік әзірше "ұйқыда жатыр", сондықтан да ол көршілес нысандарды әзірше жұтып алмайды. Оның айналасында жұлдыздар қазір емін-еркін жүр. Дегенмен ол кез келген уақытта "оянуы" мүмкін.

Бұған дейін ғалымдар гравитациялық толқынның тіркелгенін хабарлаған еді. Ол екі қара тесіктің соқтығысуынан пайда болады. Бұл құбылыс әлемде қара тесіктің бар екенін дәлелдейді. Айта кетейік, гравитациялық толқынның бар екенін Эйнштейн болжап кеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай