24 ақпан 2021 17:55

Ғалымдар ауа температурасы мен коронавирустың байланысын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

АҚШ зерттеушілер тобы ауа температурасы коронавирустың жұғуына әсер етеді деген шешімге келді, - деп хабарлайды SciTech Daily.


АҚШ зерттеушілер тобы ауа температурасы коронавирустың жұғуына әсер етеді деген шешімге келді, - деп хабарлайды SciTech Daily.

Луисвилл университетінің Қоршаған ортаны қорғау институтының ғалымдары, Джонс Хопкинс университетінің медицина факультеті, АҚШ Қорғаныс министрлігінің біріккен жасанды интеллект орталығы солтүстік жарты шардың 50 елінде күнделікті температураның өзгеруін және коронавирустың тіркелген жағдайларына талдау жасаған. Зерттеушілер тобы 2020 жылдың 22 қаңтары мен 6 сәуірі аралығындағы деректерді салыстырды.

Зерттеу нәтижелері бойынша, ауа температурасы көтерілген жағдайда коронавирустың жаңа жағдайларының көбеюі төмендейді. Деректерді талдау нәтижесінде 0-ден 37 градусқа дейінгі температура кезінде екі градусқа көтерілсе жаңа жағдай өсімін бір пайызға төмендетеді. Температураның екі градусқа төмендеуі жаңа COVID-19 жағдайларының 3,7 пайызға өсуін арттырады.

"COVID-19 жұқпалы ауру болса да, оның берілуі температураға байланысты емес, біздің зерттеуіміз вирус белгілі бір маусымда таралуы мүмкін екенін көрсетеді. Алайда жаңа жағдайлардың көбеюіне әлеуметтік қашықтық және дистанция сияқты басқа да факторлар әсер ететінін атап өткен жөн", - деді Браун қоршаған орта институтының директоры Аруни Бхатнагар.

Ғалымдар жаз айларында басқа маусымдық респираторлық вирустар сияқты COVID-19 тарауы азаяды деген қорытындыға келді.

Зерттеу нәтижесі PLOS One ғылыми журналында жарияланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети