04 ақпан 2021 14:33

Ғалымдар екі түрлі өндірушінің вакциналарын араластырып зерттемек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлыбританияда балама дозалары бар COVID-19 вакцинациясы бойынша әлемдегі алғашқы зерттеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел үкіметінің сайтына сілтеме жасай отырып.


Ұлыбританияда балама дозалары бар COVID-19 вакцинациясы бойынша әлемдегі алғашқы зерттеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел үкіметінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Бағалау жөніндегі ұлттық консорциум (NISEC) жүргізген иммундау күнтізбесінің зерттеуі екі дозалы вакцинация схемалары үшін әртүрлі вакцинаны қолдану қауіпсіздігін қарастырады. Мысалы бірінші доза үшін Оксфорд университеті/AstraZeneca вакциналары, ал екінші доза үшін Pfizer/BioNTech вакциналары қолданылады.

"COVID-19 Heterologous Prime Boost" немесе "Com-Cov" деп аталатын 13 айға созылған зерттеу аясында ғалымдар әртүрлі дозалау режимінің Англияның түрлі қаласындағы, соның ішінде Лондон, Бирмингем және Ливерпульдегі 800-ден аса пациенттің иммундық жауаптарына әсерін бақылайды.

Экспериментті Зерттеу этикасы жөніндегі комитет, сондай-ақ Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы тауарларды реттеу агенттік (MHRA) мақұлдады. Егер сынақтар жақсы нәтижелер көрсетсе, онда үкімет вакцинация схемасын қайта қарауды жоспарлап отыр. Ол қазір бірдей вакциналардың дозаларын ғана қарастырады.

Алғашқы нәтижелер 2021 жылдың жазында жарияланады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети