21 қараша 2020 10:00

Ғалымдар коронавирус анықталғаннан кейін алғашқы күндері неліктен қауіпті екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

SARS-CoV-2 жаңа коронавирусы SARS-CoV және MERS-CoV коронавирустарына қарағанда тез тарайды. Мұндай ерекшеліктерді Сент-Эндрюс университетінің зерттеушілері анықтаған. Мақала The Lancet журналында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың сөзінше, коронавирус анықталған науқастарды тез арада оқшаулау керек. Себебі вирус алғашқы бес күнде (ең көп дегенде бір аптада) өте белсенді болады. Басқаша айтқанда бұл уақыт аралығында науқас басқа адамдарға қауіпті болуы мүмкін. 

Ғалымдардың сөзінше, мұндай ерекшелік коронавирустың тез тарауына ықпал етеді. Ал SARC-CoV және MERS-CoV коронавирустары бір апта немесе он күн аралығында белсенділігі жоғары болады. 

Мамандар коронавирусты дер кезінде анықтап, оқшаулану вирустың тарауын тоқтатуға арналған негізгі шаралардың бірі екенін айтады. 

Айта кетейік, бүгінде дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 56 миллионға жеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети