30 қараша 2017 17:16

Ғалымдар мысық пен иттің қайсысы ақылды екенін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Depositphotos / vvvita © Depositphotos / vvvita

АҚШ-тың Вандербильт университетінің ғалымдары мысықтарға қарағанда иттердің бас миында нейрондар екі есе көп екенін анықтады, - деп жазады РИА Новости Science Alert басылымына сілтеме жасап.


АҚШ-тың Вандербильт университетінің ғалымдары мысықтарға қарағанда иттердің бас миында нейрондар екі есе көп екенін анықтады, - деп жазады РИА Новости Science Alert басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелері Frontiers in Neuroanatomy журналында жарияланған.

Ғалымдар тобы ұзақ уақыт бойы түрлі жануарлардың, солардың ішінде аюлардың, жанаттардың, мангусттардың, арыстардың және тағы басқа жануарлардың миын салыстырып келген. Осылайша, олар зерттеу жүргізе келе иттердің бас миында шамамен 500 миллион нейрон, ал мысықтарда 250 миллион нейрон бар екенін анықтады.

Ғалымдардың айтуынша, нейрондардың саны жануарлардың шешім қабылдай алу мүмкіндігіне әсер етеді. Мысалы, салыстыратын болсақ, адамда шамамен 16 миллиард нейрон бар екен.

Сондай-ақ, зерттеушілердің бірі нейробиолог Сюзанна Геркулано-Хоузельдің айтуынша, зерттеу қорытындысы иттердің қиын тапсырмаларды орындай алатынын көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети