18 тамыз 2021 10:44

Ғалымдар Sinovac теріс әсері туралы зерттеу жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

ЕСКЕРТУ! Мақалаға өзгеріс енгізілді, себебі РИА Новости ақпаратын түсіндіру жолы күмән туғызды. Редакция кешірім сұрайды.


ЕСКЕРТУ! Мақалаға өзгеріс енгізілді, себебі РИА Новости ақпаратын түсіндіру жолы күмән туғызды. Редакция кешірім сұрайды.

Қытайдың Sinovac компаниясы жасаған коронавирусқа қарсы CoronaVac вакцинасы беттегі жүйке жүйесінің уақытша сал болу қаупі туралы жазылған зерттеу жарияланды. Бұл туралы Гонконг ғалымдарының Lancet журналында жарияланған зерттеуінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жарияланған мақалада ғалымдар CoronaVac вакцинасын алған Гонконг тұрғындарын бақылады. 450 мың адамның ішінде уақытша сал ауруының расталған жағдайы тіркелгені хабарланды. Ғалымдар Pfizer-Biontech вакцинасының аналогын алған 540 мың адамның арасында ұқсас жанама әсердің 16 жағдайы болғанын айтты. Мәліметтер себеп-салдарлық байланысы туралы айтуға мүмкіндік бермейтіні атап өтілді.

"Біз CoronaVac вакцинасынан кейін Белл сал ауруына шалдығу қаупі артқанын байқадық", - делінген зерттеуде.

Сонымен қатар, ғалымдар мұндай жанама әсердің ықтималдығы төмен екенін және CoronaVac вакцинасының қорғаныс әсері Белл сал ауруына шалдығу қаупінен әлдеқайда жоғары екенін айтты. Сал ауруы 90 пайыз жағдайда кездессе де, оны тоғыз ай ішінде емдеуге болады, дейді ғалымдар.

Белл сал ауруы - бет бұлшықетінің әлсіздігі немесе жансыздануы. Бұл зақымдалған жақ бұлшықеттерінде қызғалысты тежейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети