20 шілде 2015 13:47

Ғарышкер Айымбетовтің ұшу қызметі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astana.gov.kz © Astana.gov.kz

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің 2015 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған ХҒС сапарындағы ұшу қызметі ауысты, - деп хабарлайды "Московский комсомолец". Енді ол "ғарыш сапарының мүшесі" емес, "№2 бортинженері" болды. Оның станция бортындағы міндеті 10 күнге созылады.

Осыған дейін Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Айымбетовтің міндеті ХҒС-те түрлі жұмыстар атқаратын ғарыш кемесін басқару, сонымен қатар, "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ ғылыми жобаларын жүзеге асыру екенін айтқан болатын.

Айымбетовтің ғарышқа ұшатыны әнші Сара Брайтманның қаржылық қиындықтарға байланысты сапардан бас тартуынан кейін белгілі болды. Қазақстандық дайындыққа кірісіп кетті, ол қажетті емтихандарды сәтті тапсырды. 8 шілдеде Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады.

Онымен бірге ХҒС-ға "Союз ТМА-18М" кемесі экипажының құрамында Сергей Волков пен Еуропа ғарыш агенттігінің өкілі Андреас Могенсен ұшады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети