15 шілде 2020 09:28

Холестеринді түсіретін дәрі коронавируспен күресуге көмектеседі - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль ғалымдары холестерин деңгейін түсіруге көмектесетін "Фенофибрат" препараты короновирус жұқтырған науқастарды емдеуге көмектесетінін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Израиль ғалымдары холестерин деңгейін түсіруге көмектесетін "Фенофибрат" препараты короновирус жұқтырған науқастарды емдеуге көмектесетінін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Нарықта ондаған жылдан бері пайдаланылып келе жатқан қарапайым дәрі COVID-19 емдегенде көмектесе алады ма? Иерусалимдегі Еврей университетінің зерттеу командасы алғашқы зерттеудің нәтижесі көп дейді", - деп жазады университеттің баспасөз қызметі.

Ғалымдар командасы үш ай бойы SARS-CoV-2 науқастардың өкпесін қалай өзгертетінін зерттеді. Олар коронавирус кәдімгі көмірсулардың ыдырауына кедергі болатынын анықтады. Соның салдарынан майлар жасушаларда жиналады да, вирустың көбеюіне жағдай жасайды.

Лабораториялық зерттеу кезінде "Фенофибрат" препараты "көп уәде беретін нәтижені" көрсеткен: "өкпе жасушаларына майды көбірек ыдыратуға мүмкіндік беріп, вирустың өршуіне осы жасушалармен қарсы тұрды. Осылайша SARS-CoV-2 өршуін тоқтатты".

Баспасөз қызметіндегілер науқастар бес күн ем алғанда өкпедегі вирустар толық дерлік жойылғанын атап өтті.

"Егер біздің қорытындыларымыз клиникалық зерттеулер арқылы расталса, онда осы емдеу курсы COVID-19 ауыртпалығын қарапайым суық тию деңгейіне дейін төмендетуі мүмкін", - деген профессор Яаков Намиас.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети