14 ақпан 2018 15:28

Жапония ғалымдары артық салмақ қоспаудың ең жеңіл жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vitacenter © vitacenter

Жапония ғалымдары тамақ ішу жылдамдығы мен дене салмағы арасында байланыстың бары туралы кезекті зерттеуін жариялады. Зерттеу қорытындылары BMJ Open журналында жарық көрді. 


Жапония ғалымдары тамақ ішу жылдамдығы мен дене салмағы арасында байланыстың бары туралы кезекті зерттеуін жариялады. Зерттеу қорытындылары BMJ Open журналында жарық көрді. 

Ғалымдар 59 700 адамның 2008 және 2013 жылдар аралығындағы медициналық тексерістерінің қорытындыларына сараптама жасады. Зерттеуге қатысушыларға өмір салты, соның ішінде тамақты қаншалықты тез жейтіні туралы сұрақтар қойылды. Зерттеу қорытындысы тамақты асықпай жеп үйренген адамдар арасында семіздікке шалдыққандар 21, 5 пайыз болды. Ал тамақты орташа жылдамдықпен жейтін адамдар арасында бұл көрсеткіш - 30 пайыз және жылдам жейтіндер арасында - 45 пайыз екені анықталды.

Тамақты жылдам жейтін адамның беліне көп май жиналады екен. Осылайша, ғалымдар тамақты асықпай жеуге кеңес береді. 

Зерттеу екінші дәрежелі диабетке шалдыққан адамдар арасында өткізілгенін айта кету керек. Олардың арасында егде жастағы адамдар аз болды және физикалық ауыртпалықтар мен күніне жейтін тамақ көлемі есепке алынбаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети