Қабыланнан жылдам. Ғаламшарда ең жылдам жаратылыс өрмекші деп танылды

10 Наурыз, 19:26
0
Қабыланнан жылдам. Ғаламшарда ең жылдам жаратылыс өрмекші деп танылды - © Фото: arachnology.cz
© Фото: arachnology.cz

Джорджии техникалық институтының ғалымдары ең жылдам жаратылысты анықтады. Ол оңтүстік америкалық өрмекші екен, - деп хабарлайды МИР телеарнасы.

Оңтүстік америкалық өрмекші (Theridiosomatidae) бірнеше жыл бұрын кездейсоқ амазон джунглиінде табылған. Буын аяқтыға осындай есім ерекше өрмегі үшін қойылған. Ол конус тәріздес пішінге ие және созылмалы, оған қоса ол ұясының ішінде жасырынады. Өрмегіне түсіп қалған жәндікке, ол катапультадан атылған оқ тәрізді құрбанына ұшып келеді. Өрмек құрбанын бірден орап тастап, оның қарсыласуына мүмкіндік бермейді.

Ғалымдар осыны видеоға түсіріп, өрмекшінің ұшу жылдамдығын тексерген. Нәтижесінде, өрмекші секундына 4 метр жылдамдықпен ұшады екен. Ол дегеніміз сағатына 14 шақырым. Бастапқы ұшу кезінде олар 600 метр секунд квадрат удеумен, ал кейбір уақытта 1100 секунд квадрат үдеумен ұшады.

Айта кетейік, 1 метр секунд квадрат дегеніміз, объект секундына бір метр жылдамдық қосады. Салыстырмалы түрде қабыланның үдеу жылдамдығы 13 метр секунд квадрат шамасында.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай