10 қараша 2016 10:35

Қатерлі ісікке қарсы қымбат дәрілер пайдасыз болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© titro.ru © titro.ru

Соңғы он жылдағы мақұлданып келген, үлкен қаржы құйылып, иновациялық жолмен жасалған қатерлі ісікке қарсы дәрілер пациенттердің денсаулығының оңалуына әсер етпейтін болып шықты. Бұл туралы British Medical Journal басылымына мақаласын жариялаған ағылшындық маман Питер Уайсқа (Peter Wise) мәлімдеп отыр, - деп жазады Lenta.ru.

Маманның айтуынша, сырқат адамдардың көпшілігі өмірді бірнеше апта немесе айға ғана ұзартатын дәрілерге миллиондап қаржы жұмсайды. 2015 жылы осындай дәрілердің сатылымынан әлем бойынша 110 миллиард доллар пайда түскен. Уайс химиотерапевтикалық дәрмектерді мақұлдау ережелерін қатаңдатып, олардың бағасын түсіру шараларын қолдануға шақырып отыр.

Оның айтуынша дәрмектерді сынақтан өткізу процедуралары қажетті деңгейде емес. Дәрінің нәтижелілігін анықтайтын критерийлер оны тез мақұлдауға жол ашады, алайда, ол арқылы дәрінің өмірді қаншалықты ұзарта алатынын нақты анықтауға болмайды екен. Уайстың пікірінше, бұл жағдай медициналық зерттеулердің этикалық қағидаттарына қайшы.

2016 жылдық қыркүйегінде The Guardian басылымы Лондон университетінің зерттеушілері адамның иммундық жүйесін асқазан асты безінің ауыр түрдегі қатерлі ісігімен күресіне мүмкіндік беретін IMM-101 дәрісін жасап шығарғанын жазған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети