Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

Қазақ оқушысы Бүкілресейлік математиктер бәйгесінің жүлдесін қанжығалады

04 Ақпан 2014, 14:38
2
Әділсұлтан Лепес. Суретті бәйгені ұйымдастырушылар ұсынды
Әділсұлтан Лепес. Суретті бәйгені ұйымдастырушылар ұсынды
Әділсұлтан Лепес
Әділсұлтан Лепес
Математика бойынша үздіктер. Суретті бәйгені ұйымдастырушылар ұсынды
Математика бойынша үздіктер. Суретті бәйгені ұйымдастырушылар ұсынды
Марапаттау рәсімі. Суретті бәйгені ұйымдастырушылар ұсынды
Марапаттау рәсімі. Суретті бәйгені ұйымдастырушылар ұсынды
Қазақстан оқушысы Әділсұлтан Лепес математиктер арасындағы Бүкілресейлік бәйгенің жүлдегері атанды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының 17 жастағы оқушысы Мәскеуде 1-2 ақпан аралығында өткен мектеп оқушыларының Бүкілресейлік математиктер бәйгесінің ғылыми жұмысқа арналған "Юниор" жүлдесінің І деңгейлі дипломымен марапатталды.

"Әділсұлтан екеуміз үшін бұл бәйге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Тәртіппен сырттай танысу бір басқа, ал оған қатысқанда түйген ой мүлдем бөлек. Біз жобаны ұсынудың бірқатар ерекшеліктерін, сонымен қатар жазбаша Олимпиадаға бөлек дайындалу керектігін ұқтық. Бұл жеңіс Қазақстан ғылымының ары қарай дамуы үшін маңызды, өйткені даму үшін инвестициялар қажет. Ал инвесторлар Қазақстан туралы өзінің пайымына сүйенеді. Біз өз кезегімізде Қазақстан математика бойынша мықты жоба жасай алатындығын, тіпті Ресейдің қорытынды іріктеуші сапында ең жоғары марапаттарға ие болатындығын дәлелдеп, ел мерейін асырдық. Мен Әділсұлтанның жетістігіне қуаныштымын, оған бұдан да биік жеңістер тілмеймін" дейді ғылыми жетекші Ибрагим Ибатулин.

Конкурс нақты ғылым мен техникалық бағыттағы білім бойынша бес секция аясында өткізіледі: математика, физика және астрономия, информатика, биология және экология, химия. Мақсаты - жоғарғы сынып оқушыларын шығармашылық жоба қызметіне тартуда ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыру. 1988 жылдан бері "Юниор" бәйгесі оқушылардың нақты ғылымға қызығушылығын арттыру мақсатында ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы шығармашылық жобаға тартуды. Сондай-ақ мұнда оқушылармен жұмыс істеу үшін жоғары мектеп мамандары жұмылдырылған. Конкурстың әділ қазылар алқасына Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғалымдары енеді: МИФИ, Ломоносов атындағы ММУ, МФТИ және Ресей ғылым академиясына қатысты бірқатар институттар.

"Мен математика бойынша бірнеше халықаралық бәйгелерде Қазақстанның атын шығардым, бірақ әр кез қатты қобалжимын. Менің жобам бойынша жұмыс 2013 жылдың қаңтарында басталған. Сол жылғы желтоқсанда Мәскеудегі оқушылардың математикалық конференциясында ең жоғары бағаға ие болды. Бұл бәйгеге қатысуым - менің арманыма қарай жасалған тағы бір кішігірім қадам" дейді Әділсұлтанның өзі.

Еске сала кетелік, Әділсұлтан Лепестің баяндамасы 2013 жылдың 15 желтоқсанында Мәскеудегі оқушылардың математикалық конференциясында оқу-зерттеу номинациясы бойынша Гран-приге ие болған. Бұл конференция Мәскеудің үздіксіз математикалық білім беру орталығымен ұйымдастырылады. Бұған дейін жас гений Болгариядағы математика институты семинарында сөз алған. Оның жобасы мамандандырылған халықаралық басылымдарда және Mathematical Excalibur гонконгтық журналында жарияланған.



Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай