11 қараша 2019 10:20

Қазақстан ғылымға қанша қаражат бөледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында кәсіби, ғылыми және техника салаларын инвестициялау 67,9 пайызға өсіп, соңғы бес жылда (49,6 миллиард теңге) рекорд орнатылды. Тоғыз айдағы көрсеткіш 2018 жылдың бір жылдық көрсеткішінен асып түсті, - деп хабарлайды ranking.kz.


Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында кәсіби, ғылыми және техника салаларын инвестициялау 67,9 пайызға өсіп, соңғы бес жылда (49,6 миллиард теңге) рекорд орнатылды. Тоғыз айдағы көрсеткіш 2018 жылдың бір жылдық көрсеткішінен асып түсті, - деп хабарлайды ranking.kz.

Жалпы 2018 жылы инвестициялау 17,9 пайызға қысқарып, 43,2 миллиард теңге болған еді. Салыстыру үшін: 2017 жылы бұл көрсеткіш 52,7 миллиард теңге болған еді.

2019 жылдың қыркүйек айының соңында кәсіби, ғылыми және техника салаларында 20 мыңнан аса компания оның ішінде 19,7 мың - шағын, 204 - орташа, 79 - ірі компаниялар жұмыс істейді. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарының ішкі шығыны 2018 жылы 72,2 миллиард теңге болған.

Осы саланы инвестициялау кезінде өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр: 25 миллиард теңге немесе 50,4 пайыз. Өңірде инвестициялау көрсеткіші 3,9 пайызға өскен. 

Екінші орында Нұр-Сұлтан: инвестиция мөлшері 45,9 пайыз немесе 5,3 миллиард теңге. 

Үздік үштікте Атырау облысы: 2,8 миллиард теңге - 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп.

Үздік шыққан үш өңір елдегі жалпы осы салаға бөлінетін қаражаттың 72,7 пайызын алып отыр. 

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 96,7 пайыз бизнестің өз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Сегменттегі күрделі қаржы сомасы жылына 83,4 пайыз, 48 млрд теңгеге дейін артты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети