Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстан көмірден синтетикалық мұнай өндіру мүмкіндіктерін қарап жатыр

21 Қазан 2014, 16:32
0
©Polbilding.pl
©Polbilding.pl

Қазақстан көмірді синтетикалық мұнайға айналдырудың мүмкіндіктерін зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz энергетика министрі Владимир Школьникке сілтеме жасап.

"Бізде көмір қоры - 300 миллиард тонна, ал барланғаны - 34 миллиард тонна. Бұл - тамаша әлеует. Менің барлық мұнайшыға айтқым келетіні, бұл - мұнай-газ секторына айтарлықтай бәсеке. Қазір көмірді жаңа газ-химиялық қайта өңдеу технологиялары пайда бола бастады, бұл ғылымның қалай дамып жатқанын көріп отырмын, адам сенгісіз: бір тонна көмірден 600-700 литр шамасында синтетикалық мұнай өңдеп алатын зауыттар жұмыс істейді. Оның үстіне процесс өзін өзі ақтайды, инвестицияны ары кетсе 4 жылда 2-3 есе қайтарады. Мен сіздерге айтайын, Торғай бассейнінің өзінде 60 миллиард тонна көмір бар, оны қайта өңдеу, мұның барлығы болашақта әрине, оны синтетикалық мұнайға айналдырған соң бірнеше Қашағанмен салыстыруға болатын қор алуға мүмкіндік береді. Біз мұнымен айналысып жатырмыз және айналысуымыз да керек. Бұл - еліміздің мұнай-газ саласы ретінде үлкен мүмкіндік", - деді Школьник Парламент Мәжілісінің жер қойнауын пайдалану бағдарламаларына инновациялар енгізу және қазақстандық үлесті арттыруға арналған отырысында. 

Оның айтуынша, бүгінде көмір өнеркәсібі елде 74 пайыз электр энергиясын өндіруді, 100 пайыз кокс-химиялық өнім жүктемесін, халықтың коммуналдық-тұрмыстық сала қажеттілігін толықтай қамтамасыз етіп отыр. Республикада көмірдің жалпы мөлшерінің шамамен 30 пайызы экспортқа шығарылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай