30 наурыз 2016 | 11:56

Қазақстан мектептерінің бес күндік оқу аптасына қашан көшетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республикадағы жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныптары бес күндік оқу аптасына көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республикадағы жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныптары бес күндік оқу аптасына көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бірінші сынып оқушылары 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін оқиды. Осылайша, мектептердің бірінші сынып оқушылары 2017 жылдан емес, осы жылдан бастап 5 күндік оқу жылына көшеді.

Келесі қадамға сәйкес, 2017 жылы екінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы сынып оқушылары 5 күндік оқу аптасына көшеді. 2018 жылдан бастап барлық басқа сынып оқушылары жаңа оқу барысына көшеді.

Бес күндік білім беруге көшу білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты болып отыр. Жаңа білім беру бағдарламалары, осыған дейін айтылғандай, Назарбаев Зияткерлік Мектебі бағдарламасына негізделеді. Білім беру бағдарламалары үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауаттылыққа негізделеді.

Министрлік қазір барлық мектептің бес күндік оқуға көшуін тездету амалдарын қарастыруда. "Алайда, бұл мәселені шешу үшін тездетілген кесте негізіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша толық есеп жүргізу керек. Сонымен қатар, үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесін де жете қарастыру қажет", - делінген министрлік жолдаған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева бес күндік оқу аптасын енгізу маңыздылығын атап өтті: "Мен ата-аналар мен біздің балалар үшін өте қуаныштымын, өйткені мектептен түсетін жүктеме өте ауыр және балалардың денсаулығына әсер тигізеді, олар бір күн ішінде қалпына келе алмайды. Біздің жоспарымыз бойынша, сенбі күні балалар жан-жақты дами алатын болады, тіл үйрену курстарына немесе спорт секцияларына қатысуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар ең басты тәрбиені біз отбасынан аламыз, сондықтан сенбі күні балаларда ата-аналарымен тілдесуге, жанұя дәстүрлерімен танысуға бөлетін уақыт болуы қажет. Бұдан басқа, сенбі - оқытушыларды қайта даярлау үшін маңызды күн болады".

Еске сала кетейік, Назарбаев мектептерде бес күндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталары депутаттарының бірлескен отырысы барысында мәлімдеді. "Біз ЭЫДҰ-на ықпалдасудамыз және бізге солармен бірізді болу қажет. Барлық дамыған елдерде мектептерде бес күндік оқу аптасы әрекет етеді. Бала қалпына келіп, ал ұстаз демалып, сабаққа дайындала алады. Олардың кейбірлері тіпті төрт күндік оқу аптасы бойынша оқиды. Мұндай форматқа көшу - бұл дамыған елдердің жалпы әлемдік трендтері. Оқу аптасы қысқарған жағдайда оқудың нәтижелілігі артатынын ғалымдар да дәлелдеді. Бізге де осы практиканы енгізу керек. Оқу аптасын оңтайландыруды ең алдымен бастауыш мектепте енгізу қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети