17 қазан 2014 14:58

Қазақстанда батат өсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ақмола облысында тұңғыш рет тропикалық көкөніс - батат жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агроном Азамат Рахымбековке сілтеме жасап. Батат сонымен бірге Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілді.


Ақмола облысында тұңғыш рет тропикалық көкөніс - батат жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агроном Азамат Рахымбековке сілтеме жасап. Батат сонымен бірге Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілді.

Температуралық фонның төмендігіне байланысты 2014 жыл ауыл шаруашылығы үшін өнімсіз жыл болғанын ескерсек, агроном тропикалық өнімді қолайсыз климаттық жағдайда да өсіруге болатынына көз жеткізді

Ол бататты әуелі сынақ ретінде шағын жер телімдерінде өсірді. Ақмола, Қарағанды облыстарында бір центнерден, Шымкент маңында екі центнер өнім алынды. Әр гектардан алынған өнімнің салмағын есептеген кезде, бұл Оңтүстік Қазақстан бойынша жоғарғы көрсеткіш болып шықты - гектарына 40-50 тонна, солтүстікте - гектарына 20 тонна. Агрономдар келешекте көшеттер отырғызу үшін түйнектер алып қалды. Тәжірибенің алдын ала нәтижелері оңтүстіккореялық әріптестеріне хабарланды.

Рахымбековтің айтуынша, енді ғалымдар бататты сақтауға арналған жағдайларды жасау керек. Бұған қоса, тамыржемісті өнеркәсіп мақсатында өндіру үшін арнайы ауыл шаруашылығы техникасы қажет болады. 

Бұған дейін жоба жетекшісі Дархан Балпанов жер тапшылығына байланысты шетел мамандарының Қазақстанға өтініш жасағанын айтқан еді. Әлемде батат жемшөп өнімі ретінде құнды, өйткені оның сабағы дәрумендер мен ақуыздарға бай. Батат спирт өндірісіне де қолданылады. Оның картоптан айырмашылығы - адамдар үшін диеталық өнім бола алатыны. Кореяда одан жылдам әзірленетін лапша мен чипстер жасайды. Айта кетейік, батат, негізінен, тропикалық және субтропикалық аудандарда өсіріледі. Оның экспорты жөнінен Қытай, Үндістан мен Индонезия көш бастайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети