01 сәуір 2018 16:15

Қазақстандық 180 бала робот құрастырудан жарысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының оқушылары робот құрастырудан жарысты, деп хабарлады "Хабар 24".


Ақмола облысының оқушылары робот құрастырудан жарысты, деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның хабарлауынша, Ақмола облысында 2 мыңнан аса бала робот құрастырумен айналысады. Аймақ мектептерінде қазір 119 робототехника кабинеті бар. Осылайша оқушылар арасында бұл сала жақсы дамып келеді. Өңірде жыл сайын робот құрастырушылардың арнайы конкурстары өткізіліп тұрады. Сондай кезекті сайыстардың бірі АQMOLA ROBOTICS CHALLENGE. Оған облыс көлемінен 180 бала қатысып, құлтемірлерімен күш сынасты.

Бұл байқау облыстық деңгейде биыл екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Қатысушылардың қатары да осы жолы көбейген. Туындылары да түрленіп келеді. Балалардың жас деңгейі мен біліктіліктері де әр түрлі. Қаншама құлтемірлерді құрастырып тастаған тәжірибелі оқушылардан бастап, бұл саланы енді ғана меңгеріп жүргендері де бар.

"Мен көбінесе бұл робототехника ұлдарға керек, ұлдар оған қатысады деп ойлайтынмын. Бірақ былайша айтқанда мен оған үйренген жоқпын. Ұлдар қайта қатысады. Егер ол интеллектуалды сайыс болса, сонда қатысқым келеді. Осы екінші облыстық робототехникаға келіп тұрған мен жалғыз қызбын", - деді жарысқа қатысушы Мәлика Жаманбаева.

Құлтемір құрастыру ісі қазір қала мектептерінде ғана емес, аудан, ауылдардағы білім ошақтарында да кең қанат жайып келеді. Сайысқа қатысып отырған жалғыз қыз Мәлика Жаманбаева Қорғалжын ауылынан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, енді мұндай сайыстар жиі өткізіліп тұрады.

"Балаларды әрі қарай дамыту үшін ауқымды конкурстар өткіземіз. Конкурстарда болашақ мамандар ретінде дайындаймыз. Машина құрастыру демекші. Осындай конкурстар арқылы біз балалардың техникалық мүмкіншіліктерін дамытамыз", - дейді Аймақтық жаңа технологиялар орталығы директорының орынбасары Рүстем Құлниязов.

Көкшетаудағы робототехника клубында қазір 160 бала құлтемір құрастырудың қыр-сырын меңгеріп жүр. Мұндағы мұғалімдердің сөзіне сенсек, соңғы жылдары балалар арасында темірге жан бітіруге деген қызығушылық күрт өскен.  

"Біз клубқа 4 жастан бастап 17 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Әсіресе бүлдіршіндердің қызығушылығы айрықша. Бәрін білгісі келеді, роботты зерттеуге ұмтылады. Дәл осы құлшыныстары есейгенде де сақталып қалса, олардан мықты робототехниктер шығады", - деді робототехника клубының директоры Динара Жанәділова.

Робототехникадан сабақ беретін мұғалімдерді дайындау жағы да күн тәртібінен түскен емес. 2016-2017 жылдары аймақта 200-ден аса информатика пәнінің мұғалімі құлтемір құрастыру ісінің оқу курсынан өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети