Қазақстандық студенттерге Ұлыбританияда жоғары білім алу мүмкіндігі берілді

25 Мамыр 2015, 14:22
0
Қазақстандық студенттерге Ұлыбританияда жоғары білім алу мүмкіндігі берілді - © formnews.ru
© formnews.ru

Қазақстандық студенттерге Ұлыбританияда жоғары білім алу мүмкіндігі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұндай мүмкіндікке елордада ашылған Нобель академиясының өкілдігі арқылы қол жеткізуге болады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Нобель академиясының елшігілін ашудың арқасында еліміздің үздік оқушылары тағайындалған 5 грантты сарапқа салады. Түлектер маусым айында бағдарлама бойынша емтихан тапсырады.

"Қазақ елінің Нобель отбасымен тарихи қарым-қатынасын ескере отырып, Астана қаласында академия ашуды жөн санадық. Мұндай өкілдіктерді Алматы, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында ашу жоспарланған. Орталықта үздік оқыған студенттер Ұлыбритания мен Швейцарияның жоғары білім дипломдарына ие болады. Ең үздік оқушылар әлемнің кез келген университетінде өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алады", - дейді Nobel International Fraternity Academy төрағасы Филип Нобель.

Айта кетейік, бірінші кезекте, жаңа орталықта түлектер ағылшын тілін жетік меңгергенін көрсетулері керек. Студенттер бұл орталықта экономика, бизнес және заң салаларындағы мамандықтар бойынша білім алады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай