19 шілде 2021 16:46

Коронавирус жұқтырғаннан кейін адам ағзасында қандай өзгеріс болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato Фото: elements.envato

Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық дәрігері және басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова Жетінші арнадағы "Студия 7" жобасында COVID-19 салдары қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталық дәрігері және басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова Жетінші арнадағы "Студия 7" жобасында COVID-19 салдары қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирус жұқтырғаннан кейін адам ағзасында қандай өзгеріс болады?

"Қазірдің өзінде мидың орталық жүйке жүйесінде зақымдану болатынын растайтын зерттеу деректері бар. Коронавирус жұқтырғаннан кейін науқаста мынадай белгілер пайда болады: шаршау, ұйқы және есте сақтаудың бұзылуы, депрессия немесе субдепрессия. Бұл когнитив функциялардың бұзылуы деп аталады. Олар коронавирус жұқырғаннан кейін ұзаққа созылады", - дейді Махаббат.

Дәрігердің айтуынша, ең үлкен проблема өкпеге байланысты болуы мүмкін.

"Жедел кезеңнен кейін, егер адам қалпына келсе, онда ол талшықты сипаттағы өзгерістерге байланысты. Яғни, салыстырмалы түрде айтқанда, өкпеде тіндердің тікелей зақымдануы нәтижесінде пайда болған тыртықтар. Адамда тыныс алу жеткіліксіздігі болуы мүмкін, ол тіпті жазылғаннан кейін де сақталады", - дейді ол.

Спикер коронавирус жұқтырып, жазылғанан кейін физикалық белсінді жұмыспен айналыспауға кеңес берді.

"Өкпенің жанында жүрек орналасқан. Спортшы жағдайы жақсарғаннан кейін спортзалға барып, қарқынды спортпен айналыса бастайды. Кейін моншаға барады. Осы жағдайда науқас қайтыс болған көп жағдай тіркелген. Оған "артерия тромбозы" немесе "жүрек ырғағының өте ауыр бұзылуы" диагнозы қойылған", - деп қосты Махаббат.

Дәрігер коронавирус жұқтырып, жазылып шыққаннан кейін жалпы диагноз тапсыруға кеңес берді.

"Бауыр туралы айтатын болсақ. Іс жүзінде коронавируспен жеңіл түрде ауырған әйелде 3 айдан кейін бауыр фиброзы пайда болғаны анықталды. Мұндай жағдайда бауыр жасушаларының регенерациясы өте жоғары, бірақ түбегейлі көмектесу өте қиын. Сондықтан жазылғаннан кейін дәрігерге бару керек".

Махаббат Бекбосынованың айтуынша, коронавирус жұқтырғанда ішек жолдары зақымданатын жағдай да болады.

"Коронвирустың жөтелден немесе өкпенің зақымдануынан емес, ішек инфекциясынан басталатын түрі де болады. Яғни, диарея, құсу. Мұндай жағдайда көп мөлшерде калий жоғалады", - дейді ол.

Спикер коронавирустың салдары науқастың репродуктив функциясына да әсер ететінін айтты.

"Бүгінде ер адамның да, әйелдің де репродуктив функциялары туралы жиі айтамыз. Өкінішке қарай, бұл да шетте қалмайтын жүйе. Репродуктив функция бірдей микротромбоздар арқылы зардап шегуі мүмкін деген зерттеулер бар. Соңғы мәлімет бойынша, вирустың өзі ер адамның ұрығынан табылған. Вирус жыныстық жолмен де берілуі мүмкін".

Дәрігердің толық әңгімесін видеодан көре аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа "Студия 7" (@studiya_7tv)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети